Munarmedia.kz 18.08.2025/Астана/-Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ астанасына ресми сапармен барып, Вашингтонда мәлімдеме жасады. Ол өз сөзінде Қырымды бермеу керектігін, дәл сол сияқты 2022 жылдан кейін Киев, Одесса мен Харьков та жауға тапсырылмағанын атап өтті.
"Біз өз жеріміз, өз тәуелсіздігіміз үшін күресіп жатырмыз. Қазіргі таңда біздің жауынгерлер Донецк пен Сумы облыстарында жетістіктерге қол жеткізуде. Біз соғысты тез әрі сенімді аяқтауды қалаймыз. Бірақ бұл бейбітшілік ұзақ мерзімді болуы шарт. Бұрынғыдай емес: Украина Қырымды және Шығысымыздың бір бөлігін — Донбасты беруге мәжбүр болды, ал Путин оны жаңа шабуылға плацдарм ретінде пайдаланды. Ресей өзі бастаған соғысты өзі тоқтатуы тиіс," – деді Зеленский.
Бұл мәлімдеме Ресей агрессиясына қарсы халықаралық қолдауды күшейтуге бағытталған қадам ретінде бағалануда. Украин басшысы Вашингтондағы келіссөздер барысында АҚШ пен одақтастарынан әскери әрі саяси қолдаудың жалғасуына үміт артып отыр.