Жаңа президент Тоқаевты Кореяға шақырды

99

Munarmedia.kz.23.07.2025 ж. /Астана/-Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Кореяның жаңадан сайланған басшысы Ли Чжэ Менмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында тараптар екіжақты қатынастарды дамыту және ынтымақтастықтың түрлі салаларына қатысты мәселелерді талқылады.

Ақорданың мәліметінше, әңгіме фокусында өнеркәсіп, энергетика, автомобиль құрастыру, білім беру және басқа да салалардағы бірлескен жобалар тұрды.

Ли Чжэ Мен Қасым-Жомарт Тоқаевты Оңтүстік Кореяға ресми сапармен келуге шақырып, 2026 жылы жоспарланған «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммитіне қатысуға ұсыныс білдірді. Мемлекет басшысы шақыруды қабыл алып, саммитке қатысу ниетін растады.

Айта кетейік, Оңтүстік Кореяда кезектен тыс президент сайлауы бұрынғы басшы Юн Сок Ёльге Конституциялық соттың импичмент жариялауынан кейін екі айдан соң өткен болатын.