Munarmedia.kz 08.11.2025 /Астана/ АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы соғысты тоқтату жөніндегі күш-жігер белгілі бір деңгейде нәтиже бере бастағанын мәлімдеді.
Бұл туралы ол Ақ үйде Орталық Азияның бес мемлекетінің басшыларымен өткен кездесу барысында айтты. Трамп соңғы айларда әлем бойынша сегіз түрлі қақтығысты аяқтауға қол жеткізгеніне сенімді екенін жеткізіп, Украина мәселесінде де оң өзгерістер бар екенін атап өтті.
“Біз тағы бір қақтығысты тоқтатуға тырысып жатырмыз. Бұл мүмкін деп ойлаймын. Әлі толық мақсатқа жеткен жоқпыз, бірақ айтарлықтай ілгерілеу бар. Біз тек соғыстың аяқталуын қалаймыз — осы соғысты тоқтатуды шын жүректен қалаймыз,” — деді АҚШ президенті.