Трамп пен Зеленский келісімге келе алмады

3

Munarmedia.kz 29.12.2025 /Астана/

АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленский арасында кеше өткен екі сағаттық келіссөздердің қорытындысы бойынша тараптар айтарлықтай серпіліске қол жеткізбегенін мәлімдеді.

Дональд Трамп кездесуді «өте өнімді» деп бағалап, «үлкен ілгерілеу бар, шешімге бір табан жақындадық» екенін атап өтті. Алайда нақты уағдаластықтар жарияланған жоқ.

Өз кезегінде Владимир Зеленский келіссөздердің мазмұнына тоқталып, әскери бағыт бойынша тараптар 100 пайыз келісімге келгенін, 20 тармақтан тұратын бейбіт жоспардың 90 пайызы келісілгенін, ал экономикалық мәселелер бойынша келіссөздер аяқталуға жақын екенін айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша белгілі болған негізгі жайттар мыналар:

  • келіссөздер алдағы екі апта ішінде белсенді түрде жалғасады;

  • Украинаның бақылауындағы Донецк облысы аумағында демилитаризацияланған аймақ құру мәселесі шешімін таппады;

  • Ресей президенті Владимир Путин Украинада референдум өткізу кезеңінде уақытша атысты тоқтату туралы ұсыныспен келіспеген;

  • АҚШ-тың Украинаға қандай қауіпсіздік кепілдіктерін ұсынатыны туралы сұраққа Дональд Трамп Вашингтонның «Еуропамен бірлесіп жұмыс істеуді» көздейтінін, негізгі міндеттемелердің басым бөлігі еуропалық тарапқа жүктелуі мүмкін екенін айтты, алайда нақты тетіктерді атаған жоқ.

Сарапшылардың пікірінше, келіссөздер барысы күрделі болып қала бермек, ал түйінді мәселелер бойынша түпкілікті шешімдер қабылдау үшін қосымша саяси және дипломатиялық келісімдер қажет.