Тозаққа айналған тоғыз шақырым!

137


Ақмола облысы, Біржан сал ауданында Андықожа батыр деген ауыл бар. Табиғаты жайлы, мал бағуға қолайлы, шұрайлы мекен. Білім ошағы, өткен жылы салып берген медпункті, жөндеуден өткен спортзалы бар. Мешіті, асханасы ел игілігіне жарап тұр. Көшелері асфальттанған. Тіпті адам тұрмайтын шетке де асфальт салып тастаған. Осының бәрі тамаша. Алайда жұмыс жоқтықтан ауыл халқы көшіп жатыр. Жақында бір кәсіпкер келіп егін салып, жұмыс орны ашылып ауыл тұрғындары аздап нәпақа тауып, шөп, жемін жалақысына жаздырып алып дұрысталып қалды. Бәрі жақсы-ақ. Алайда Үлгі ( Казгородок) пен Тасшалқар ( Невский) , Андықожа батыр ( Донской) -Жаңаталап ауылына дейіңгі грейдер жолдың тозып жатқанына 30 жыл толды. Еңбекшілдер кейін Біржан сал ауданы атанған ауданды кімдер басқармады? Кім әкім болмады? Алайда ешқайсысы дәл осы жолдарды жөндемеді. Қазіргі келген аудан әкімі де кабинеттен шықпайтын біреу болса керек. Түсінем. Аудан халқы аз, дотациялық аудан. Бірақ әрекетке берекет деген көкем-ау инвестор ізде. Жаңа жұмыс орындарын аш. Сонда халқың көшпейді. Қытайдан 20 қандас отбасы көшіп келуге дайын. Барлығы мал шаруашылығы саласының мамандары. Қабылдай аласыңдар ма? Көшіріп әкеп берейін. Жағдайын жасап, құжаттарын реттеуге көмектессеңдер болды. Кез-келген жұмысқа дайын. Атамекенге аяғымыз тисе болды деп отыр. Жолдарын жөндеп бер. Ауылда су, интернет бар. Бұл қазіргі аудан әкімінің еңбегі емес. Бұрыңғылардың жылдар бойы қақсатып жүріп жасаған жұмысы. Айналайын, аудан әкімі! Кабинеттен шықшы. Әкім мырза! жолды келіп көрсеңші. Ауыл халқы үндемейді екен деп басына беруге бола ма? Облыс әкімі Марат Мұратұлы Ахметжанов жарғақ құлағы жастыққа тимей күні-түні шапқылап халыққа баспана беріп, таза сумен қамтып шапқылап жүр. Қала әкімі Әнуар Күмпекеев таңнан тұрып қала ішін аралап тазалығын тексеріп, жолдарды, көшелерді реттеп жүр. Ал сендер ауданда шіреніп хатшыға кофе алдыртып отырсыңдар. Мен айтқан ауыл жолдарына ақша бөліп ПСД жасат, экспертизадан өткіз. Ауданыңнан сайланған облмаслихаттың депутаты қайда? Ауылдан сайланған аудандық мәслихаттың депутаты кім? Олар не істеп жүр? . Дайын құжаттарыңды алып облыстық бюджетке тапсыр. Облыс әкіміне, мәслихат хатшысына кіріп, ақша сұра. Халық үшін тізерлеп жыла. Жазда ыстық деп көшеге шықпайсың, қыста тоңам деп омалып тіпті отырасыңдар. Қозғалшы, қарғам. Андықожадан Жаңаталапқа дейін тоғыз шақырым, Андықожадан Үлгі ауылына дейіңгі 14 шақырым халық үшін тозаққа айналды. Шұрық, тесік. Автокөліктер бір айға жетпей салдыр-гүлдір боп қалып жатыр. Болмаса жаз уақытында шебенка төгіп әйтеуір бір әрекет жасасаңдаршы. Облыс су жаңа аурухана салып беріп жатыр. Енді облыс әкіміне ауыздарыңды арандай ашып отырмай қозғалсаңдаршы. Анау-мынау емес Біржан салдың есімін иеленген аудансыңдар ғой. Ұят емес пе? Жолдың бәрі ямы, ямы... деген әзіл өлең осы жолдарға арналған -ау!

Баяжума Асылбек