Тоқаев Бакуде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитіне қатысады

65

Munarmedia.kz. 15.10.2026. ASTANA- Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Әзербайжан астанасы Бакуге барды. Мемлекет басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) жетінші саммитіне қатысады.

Kazinform агенттігінің Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, Тоқаевты Баку халықаралық әуежайында Әзербайжан премьер-министрінің орынбасары Самир Шарифов қарсы алған.

Саммит 15 қазанда өтеді. АӨСШК — Азия құрлығындағы қауіпсіздік пен мемлекеттер арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған халықаралық алаң. Ұйымның бастамашысы Қазақстан болған.

Кездесуде аймақтық қауіпсіздік, тұрақтылық және мемлекеттер арасындағы көпжақты ынтымақтастық мәселелері талқылануы күтіледі.

Дереккөз: Kazinform

#Қазақстан #Әзербайжан #Тоқаев #АӨСШК #СыртқыСаясат #Munarmedia