Өскемендегі конденсатор зауытында шыққан өрт сөндірілді

51

Munarmedia.kz. 15.10.2026. ASTANA-Өскемен қаласындағы конденсатор зауытының аумағында өрт шықты. Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, өрт туралы хабар Малдыбаев көшесінде орналасқан кәсіпорын аумағынан түскен.

Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер екі қабатты қойма ғимаратының шатыры жанып жатқанын анықтаған. Құтқарушылардың үйлесімді әрекетінің арқасында өрт толық сөндірілді.

Kazinform агенттігінің хабарлауынша, жалын шарпыған аумақ 720 шаршы метрді құраған. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Дереккөз: Kazinform

#Өскемен #ШҚО #Өрт #ТөтеншеЖағдай #Munarmedia