Munarmedia.kz 12.11.2025 /Астана/ Солтүстік Қазақстан облысында мал шаруашылығындағы өрескел заңбұзушылықтар әшкереленді. Прокуратураның мәліметінше, Уәлиханов ауданындағы ветеринариялық қызмет 10 мың басқа арналған вакцинацияны тек есеп түрінде көрсетіп, іс жүзінде екпе жүргізбеген.
Сонымен қатар, тексеріс кезінде скотомогильниктердің санитарлық талаптарға сай еместігі, сондай-ақ мал өнімдерінің шығу тегі мен зертханалық тексерісі расталмаған жалған анықтамалардың жаппай берілуі анықталған.
Мамандардың айтуынша, бұл — елдің санитарлық қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіретін жағдай.
«Кейде Қазақстан ет немесе құс өнімдерін экспорттағанда, Қытай мен Ресей шекарада фураларды өткізбей қояды. Мұны біз жиі саяси астармен түсіндіреміз. Бірақ, егер соңғы жылдары қанша рет отандық өнім кері қайтарылғанын қарасақ, мұндай оқиғалар жүйелі сипат алғаны анық», — дейді сарапшылар.
Мәселенің ауқымын түсіну үшін бір ғана дерек жеткілікті: 10 мың ірі қараның еті 10 миллион адамға жетерлік, яғни ел халқының жартысына тең. Егер бұл мал расымен ауру болса, оның өнімдері саудаға түскен жағдайда салдары аса ауыр болар еді.
Кей сарапшылар бұл жағдайды тіпті «кордицепс эпидемиясы нан арқылы басталған» әйгілі сериалмен салыстырды — себебі онда да қауіп күнделікті азық-түлік арқылы тараған болатын.