Munarmedia.kz 13.06.2025 /Астана/ -Марқұм Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов ұлының өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сотталғандардан өндірілетін өтемақыны балалар үйіне беру ниетін білдірді. Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Мейрман Шекеев мәлім етті.
⚡️Детальдар
Адвокаттың айтуынша, Қаржаубай Нұрымов бұл істің басынан бастап ешқандай материалдық өтемақы талап етпейтінін айтып, тек ұлының есімін қараламай, ар-намысын қорғауды өтінген.
⚡️Цитата
«Маған ақша керек емес. Ең бастысы — ұлымның атына кір келтірмесін. Менің жалғыз өтінішім сол еді. Бұл — қылмыстан келген ақша. Егер олар келетін болса, азамат ретінде мен оларды көмекке мұқтаж балаларға, яғни балалар үйіне аудармақпын», — деді Нұрымов.
Анықтама үшін:
2025 жылғы 5 маусымда сот үкімі жарияланып, негізгі айыпталушы Абзал Шынасыл кінәлі деп танылып, 23 жылға бас бостандығынан айырылды. Қалған сотталушылар 1,5 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімдерге сотталды.