Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

«Самұрық-Қазына» және еншілес компанияларының басшылары бір жылда 7,7 млрд теңге табыс тапқан

54

Munarmedia.kz 19.06.2025 /Астана-«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры мен оның еншілес ұйымдарының директорлар кеңестері мен басқарма мүшелері – яғни негізгі басқарушы персоналы 2024 жылдың ішінде жалпы 7,687 млрд теңге сыйақы алған. Бұл туралы қордың 2024 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған қаржы жылына арналған консолидирленген қаржылық есебі бойынша тәуелсіз аудитордың қорытындысында көрсетілген. Құжат Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында жарияланған.

2023 жылғы сәйкес кезеңде бұл көрсеткіш 7,649 млрд теңгені құраған болатын.

Аудитор есебіне сәйкес, бұл сома негізінен басқарушылардың еңбек келісімшарттарына сәйкес белгіленген жалақысы мен операциялық нәтижелерге байланысты берілетін басқа да ынталандыру төлемдерінен тұрады.

Сонымен қатар, қызметкерлердің жалақысы, әлеуметтік салық және аударымдарды қоса есептегендегі шығындар 2024 жылы 301,9 млрд теңгеге жеткен. Бұл 2023 жылғы 271,3 млрд теңгемен салыстырғанда 30 млрд теңгеге артық.


Түсініктеме:
Мемлекеттік қатысуы бар компаниялардағы мұндай ауқымды сыйақылар қоғам мен Парламент тарапынан бірнеше жылдан бері сынға ұшырап келеді. Алайда «Самұрық-Қазына» мен оның еншілес ұйымдары табыстың ашықтығы мен тиімділігін арттыру туралы талаптарға қарамастан, жыл сайын миллиардтаған теңгені басқару құрылымына жұмсап келеді.