Орта Азия Кремльдің уысынан шығып барады, Киевпен шайқасып жатқан Мәскеудің аймаққа мойын бұрар мұршасы жоқ.
Қытай аймақты ың-шыңсыз, айғау-шусыз қанатына астына алып, ықпалын күшейтіп жатыр деп жазады Ertenmedia The Print басылымына сілтеп
ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстан сапары қатардағы қарапайым кездесу емес, геосаяси бағыттың өзгергенін білдіретін маңызды фактор.
Бұл тренд 2023 жылғы алғашқы "Қытай Орта Азия" саммитінен кейін айқын сезіле бастаған. Аймақтағы ірі жобалар, соның ішінде Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан теміржол дәлізі және Қазақстанмен құны 1 миллиард доллар пайдалы қазбаларды игеру туралы келісім кезінде Ресейдің қатты қарсылығына ұшыраған екен.
Қазір Мәскеудің бұған қарсылық танытар қауқары жоқ. Қытаймен байланысты проектілер Путиннің үнсіз келісімімен жүзеге асуда.
"Бұрын Путиннің "задний дворы" саналған Қазақстан біртіндеп Бейжіңнің орбитасына кіруде. Рас өңірдегі инфрақұрылым әлі де жетілдіруді қажет етеді. Дегенмен ең бастысы Орта Азия, соның ішінде Қазақстанда ендігі жерде Ресейдің вето құқығы жұмыс істемейді. Астана мен Тәшкент Мәскеудің қас-қабағына қарамай, таза прагматикалық шешім қабылдай бастады", - дейді қытай сарапшылары.
Әлдебір қауіпті іші сезген Кремль көсемі Қытайдың аймақтағы әрекетіне жауап ретінде әскери жаттығуды жиілетіп, жаңа келісімдер мен "әскери изоляция аймағын» құру идеясын алға тартуда. Мұның бәрі суға кеткен тал қармайдының шарасыз әрекетіне ұқсайды.
Бейжің Астананы Қытай мен Батыс арасындағы транзиттік хаб ретінде қарастырса, Тәшкентті тоқыма және энергетика саласындағы қытайлық инвестиция орталығы ретінде бағалауда.
Бейжің идеологтары Қытай мен Ресей арасындағы «достықтың» да уақытша екенін сезіп отыр. Си мырза Кремльдің әлсіздігін тиімді пайдаланып, аймақты біртіндеп өзіне қарату үстінде.
"Ресей аймақты АҚШ-қа бере алмайды, оның орнына Қытай басқарып отырса жақсы емес пе, ә?" - дейді осы орайда қытай сарапшылары.