Ресей Қара теңіз арқылы қазақстандық мұнай экспортын уақытша тоқтатты

44

Munarmedia.kz.24.07.2025/Астана/-Каспий құбыр консорциумының (КҚК) Новороссийскідегі терминалдары арқылы қазақстандық мұнайды жеткізу уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Reuters агенттігі Ресей президентінің жаңа жарлығына сілтеме жасап хабарлады.

Құжатқа сәйкес, Владимир Путин Еуропалық одақтың 18-ші санкциялық пакетінен кейін шетелдік танкерлердің ресейлік порттарға кіруі енді Федералдық қауіпсіздік қызметімен (ФСБ) келісуді талап етеді. Бұл шара КҚК арқылы мұнай тасымалын іс жүзінде тоқтатты. Аталған бағытпен Қазақстан мұнайының 80%-дан астамы экспортталады, бұл шамамен әлемдік көлемнің 2%-ына тең.