Munarmedia.kz.25.07.2027 ж./Астана/-Ресей Қытайдан соққы беруге арналған дрондардың қозғалтқыштарын «өнеркәсіптік тоңазытқыш қондырғылары» деген бүркеншік атаумен алып отыр.
Бұл туралы Reuters агенттігі Еуропаның үш арнайы қызмет өкілінің деректері мен бірқатар құжаттарға сүйеніп хабарлайды. Агенттіктің мәліметінше, жеткізілімдер жалған компаниялар арқылы жүзеге асып, ресейлік «Купол» қорғаныс кәсіпорнына бағытталған. Бұл зауыт «Гарпия-А1» атты соққы беруші дрондарды өндіреді, деп жазады Exclusive.kz The Moscow Times-қа сілтеме жасап.
Қоса берілген келісімшарттар, шот-фактуралар мен кедендік құжаттар бойынша өнім алдымен Бейжіңнен Мәскеуге, одан кейін Ижевск қаласындағы «Купол» өндірісіне жеткізіледі. Еуропалық арнайы қызметтің үш өкілі атап өткендей, қозғалтқыштарды тоңазытқыш жабдығы ретінде көрсету Қытайдың экспорттық бақылауынан өтуге мүмкіндік берген. Агенттік танысқан тасымал құжаттарында 2024 жылдың қазан айынан бері Sichuan Airlines және Қытайдың ірі әуе тасымалдаушысы China Southern Airlines аталған компоненттерді санкцияға іліккен ресейлік компанияларға тұрақты түрде жеткізіп отырғаны көрсетілген.
Фото: iStock