Munarmedia.kz.05.09.2025 ж. /Астана/ Қазақстан Мәжілісінің депутаты Бақытжан Базарбек Алматыдағы 40 қабатты «Rams Beyond Almaty» кешенінің құрылысы жергілікті билік тарапынан берілген ресми тоқтату жөніндегі нұсқамаға қарамастан қайта жанданғанын мәлімдеді.
Бұған дейін алматылықтар аталмыш нысанға қарсы петиция ұйымдастырып, құрылысқа үзілді-кесілді қарсылық білдірген болатын. Қала тұрғындарының айтуынша, жоба олармен келісілмеген, аймақтың өзі шамадан тыс жүктемеге ұшыраған, ал тұрақ орындарының тапшылығы мен қоғамдық саябақтардың жетіспеуі өткір әлеуметтік проблемаға айналған.
Депутаттың сөзіне сүйенсек, Алматы қаласының әкімдігі құрылысқа мәжбүрлі түрде тыйым салуға міндетті. Себебі, «Rams» компаниясының қолында мемлекеттік сараптама қорытындысы да, жоба-сметалық құжаттамасы да, ресми құрылыс рұқсаты да жоқ. «Ғимаратты бұзу орнына компания керісінше қазаншұңқыр қаза бастаған», — деді Базарбек. Оның пікірінше, бұл әрекет заңға және мемлекеттік органдарға ашық қарсылық болып табылады.
Ал компания өкілдері өз кезегінде «Beyond Almaty» нысанында құрылыс емес, ескі ғимаратты бұзу жұмыстары жүргізіліп жатқанын алға тартты. «Онда құрылыс жүргізілмеді де, жүргізілмей келеді. Тек бұрыннан бар ғимараттың демонтажы жүзеге асырылуда», — деп хабарлады «Rams» баспасөз қызметі.
Бақытжан Базарбек Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексін қатаңдату қажеттігін алға шығарып отыр.