«Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан» темір жолы: Қырғызстанда тоннель қазу жұмыстары басталды

36

Munarmedia.kz 09.12.2025 / Астана Қырғыз билігі стратегиялық маңызы жоғары «Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан» темір жолының құрылысы қарқын алғанын хабарлады. Жобаның Қырғызстан аумағындағы бөлігінде, Жалаңабад облысының Тош-Күчү аймағында тоннельдерді қазу жұмыстары ресми түрде басталды.

Магистралдың жалпы ұзындығы 532,5 шақырымды құрайды. Құрылысты 2030 жылға дейін аяқтау жоспарланған. Жобаның жалпы құны шамамен 4,7 млрд доллар деп бағалануда.

Қырғызстан аумағындағы темір жол бөлігі 304,9 шақырым болады. Бағыт «Торугарт – Арпа – Қош-Добо – Макмал – Жалаңабад» арқылы өтеді. Оның ішінде «Торугарт – Макмал» аралығында (160 км) 1435 мм еуропалық стандарттағы тар колея, ал «Макмал – Жалаңабад» бөлігі (145 км) 1520 мм кең колея қолданылады. Макмал маңында жүк ауыстырып-тиеу станциясы мен ірі логистикалық орталық салу көзделген.

Қазіргі уақытта жоспарланған 29 тоннельдің 18-інде, 50 көпірдің 17-сінде құрылыс басталды. Сонымен бірге 602 су өткізу құбырының 28-і төселуде. Құрылыс алаңдарында 5000-нан астам жұмысшы мен 5695 техника бірлігі жұмылдырылған.

Бұл темір жол Орталық Азияны Қытаймен жаңа көлік дәлізі арқылы жалғайтын ірі инфрақұрылымдық бастама ретінде қарастырылып отыр.