«Қазақтелекомға» қатысты тексеру басталды.

58

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі талдау аясында байланыс операторларының сымды интернет қызметтеріне баға динамикасы зерттелді. «Қазақтелеком» АҚ әрекеттерінде қызмет құнына монополиялық жоғары баға қою белгілері байқалды. Мәселен, 2024 жылы оператордың интернетке қол жеткізу тарифтерінде жылдамдығы 100 Мбит/сек, 200 Мбит/сек және 500 Мбит/сек бағаның өсу қарқыны 20%-ға дейін жетті. Қазіргі таңда агенттік аталған операторға қатысты бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу деректері бойынша тергеп-тексеру жүргізуде. Бұдан бөлек агенттік ұялы байланыс қызметтерінің баға динамикасына талдау жүргізді. Оның барысында да монополиялық жоғары баға қою белгілері анықталды.