Munarmedia.kz.20.08.2025 /Астана/-Қазақстандық мектеп оқушысы Лидия Осенникова «Білім мұзжарғышы» атты халықаралық экспедиция құрамында әлемнің ең биік нүктесі саналатын Солтүстік полюске барды.
Бұл ерекше ғылыми-танымдық сапарға 21 елден жиналған 66 жасөспірім қатысты. Экспедиция мүшелері Жердің барлық меридиандары түйісетін нүкте — 90° солтүстік ендікке табан тіреп, мұзды кеңістікте тарихи қадам жасады.
Осындай ауқымды жобаға қазақстандық оқушының қатысуы елдің білім беру саласының халықаралық деңгейдегі беделін айқындап қана қоймай, жас ұрпақтың ғылымға деген қызығушылығын арттыратын маңызды жетістік ретінде бағалануда.