Munarmedia.kz. 27.07.2025 ж. /Астана/-Ол 62 жастағы әкесінің қазір түрмеде аса ауыр халде жатқанын және жүріп-тұруы қиындағанын мәлімдеді.
Рустамның айтуынша, жеті мәрте Гиннес рекордтар кітабына енген спортшы Марат Жыланбаев ҚР Қылмыстық кодексінің 405 және 258-баптары бойынша «саяси сипаттағы айыптармен» жеті жылға бас бостандығынан айырылған.
– «Әкем ешкімді өлтірген жоқ, ұрған жоқ, тонаған жоқ – бірақ 7 жыл берді. Салмағы 45 келі ғана, жүре алмай қалды. Оның ісін қайта қарап, жазасын жеңілдетуді, қазір болса да жағдайын жақсартып, басқа колонияға ауыстыруды сұраймын», – деді Рустам Жыланбаев.
Белгілі болғандай, қамауға алынғанға дейін Марат Жыланбаев митингілерге қатысып, оппозициялық партия құруға талпынып, Мәжіліс депутаттығына үміткер ретінде тіркелмек болған. Сот оны тыйым салынған ұйымның қызметіне қатысу және оны қаржыландыру айыбымен кінәлі деп тапты. Алайда қорғаушылары мен Жыланбаевтың өзі бұл айыптауларды саяси астарлы деп санайды.