Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу тәртібіне жаңа өзгерістер енгізілді.

15

Munarmedia.kz 15.04.2026 /Astana/ Енді қазақстандықтар жүргізуші куәлігін алу үшін емтиханды шектеусіз рет тапсыра алады. Алайда бұл қызмет ақылы негізде көрсетіледі және әр тапсыру арасындағы аралық кемінде 10 күнді құрайды.

Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев төрағалық еткен кеңесте белгілі болды.

Ішкі істер министрлігінің қатысуымен өткен жиында емтихан өткізу рәсімінің ашықтығын арттыруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бағытталған бірқатар шаралар қаралып, бекітілді.

Сонымен қатар, емтихан тапсыру кезінде құқықбұзушылықтарды бақылау және тіркеу үшін жасанды интеллект технологиялары қолданылатын болады. Ақпараттық қауіпсіздік талаптары да күшейтіледі.

#жүргізушікуәлігі #Қазақстан #жаңалықтар #цифрландыру #ЖИ #Munarmedia