Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Қазақстанда жеке куәлікті қалай қалпына келтіруге болады?

41


Абай облысының полиция департаменті азаматтарға жеке куәлікті жоғалтқан немесе ұрлатқан жағдайда оны қалпына келтіру тәртібін еске салды.

Жоғалған немесе ұрланған жағдайда не істеу керек?

Құжатты қалпына келтіру үшін кез келген "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының филиалына жүгініп, мына құжаттарды тапсыру қажет:

Жеке куәліктің жоғалғаны туралы жазбаша өтініш (егер ұрланған болса, полициядан берілетін талон-хабарлама);

Мемлекеттік баждан босату құжаты (бар болған жағдайда);

Паспорт (егер қолжетімді болса);

Мемлекеттік баж салығын төлеу туралы түбіртек.

Мемлекеттік баж құны қанша?

786,4 теңге – 2025 жылға белгіленген стандартты сома;

3932 теңге – егер жеке куәлік бір жыл ішінде екі немесе одан да көп рет жоғалтылған болса.

Төлемді банк қосымшалары арқылы немесе "Қазпошта" бөлімшелерінде жүргізуге болады.