Гренландиядағы парламенттік сайлауда Демократтар партиясы мен жергілікті Naleraq партиясы ең көп дауыс жинады.
Бұл қос партия Гренландияны Даниядан бөліп, тәуелсіздікке қол жеткізуді мақсат тұтады. Одан кейін тізімде "Халық қауымдастығы" басқарушы партиясы тұр.
Осы сайлау нәтижесі аралдың келешек тағдырын айқындап бергендей. Гренландия Премьері аралдың ешкімге сатылмайтынын мәлімдеді. Тұрғындар да қалыс қалмай, 85%-ы Американың тағы бір штаты болуға наразы екенін көрсетті.
Гренландия сатылмайды
