Munarmedia.kz | 01.09.2026 | ASTANA– Қазақстанда 2025 жылдың қорытындысы бойынша ашық жүрекке 13 106 операция жасалды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Медициналық араласулардың ең көп таралған түрі – аортокоронарлық шунттау. Оның үлесі барлық операцияның 46,1 пайызын құрады.
Денсаулық сақтау саласындағы медициналық технологиялардың дамуына байланысты Қазақстанда жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеудің күрделі әдістері де қолжетімді болып отыр. Атап айтқанда, Алматыда жүрек трансплантациясы, LVAD механикалық қанайналым жүйесін имплантациялау, MitraClip процедурасы және басқа да жоғары технологиялық операциялар жүргізіледі.
Сонымен қатар соңғы бес жылда Қазақстанда қанайналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім 35,1 пайызға төмендеген.
Мамандардың айтуынша, жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу үшін қан қысымын, холестерин мен қандағы қант деңгейін тұрақты бақылау, дұрыс тамақтану және дене белсенділігін арттыру маңызды.
#Munarmedia #ASTANA #Қазақстан #ДенсаулықСақтау #Жүрек #Кардиология #Медицина #ЖүрекАурулары #Денсаулық #Алматы