Қазақстанда бір палаталы Құрылтайға сайлау биыл тамыз айында өтеді

48

Munarmedia.kz 11.04.2026 /Astana/– Қазақстанда бір палаталы Құрылтайға сайлау биыл тамыз айында өтеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарды марапаттау рәсімінде мәлімдеді.

Президенттің айтуынша, Конституция күшіне енгеннен кейін бірден Құрылтай сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойылады.

«Сайлау осы жылдың тамыз айында өтеді», – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ ол саяси партияларға сайлаушылармен жұмыс жүргізу үшін жеткілікті уақыт берілетінін атап өтті. Бұл кезең шамамен бес айды қамтиды.

Президенттің сөзінше, Құрылтай сайлауы елдің саяси жүйесін ауқымды жаңғырту үдерісінің бастамасы болмақ.