Қазақстан бизнесі салықтардан қашып елден кетіп жатыр деген ақпаратқа қаржы министрі Мади Такиев түсініктеме берді.

13

Munarmedia.kz 29.12.2025 /Астана/ Министрдің айтуынша, «Қазақстаннан кәсіпкерлердің басқа мемлекеттерге қоныс аударуы» фактісі жоқ. «Бұл жайлы айтылып жүргендер — негізсіз дерек, сәл абыр-сабыр тудырған пікір ғана. Себебі барлық салықтық шектер, айналымдар және бизнес түрлері бұрынғыдай сақталған. Егер олар басқа елге көшсе де, негізгі салық төлеуші ретінде, өмірлік мүдделер орталығы Қазақстанда болса, қосымша салықтармен бетпе-бет келеді. Сондықтан кәсіпкер үшін басқа мемлекетке көшу тиімді емес», — деді Мади Такиев Мәжіліс коридорында.

Министр бұл пікірін жаңа Салық кодексінің қабылдануына байланысты туындаған қауесеттерді жоққа шығару мақсатында жеткізді.