Munarmedia.kz 07.12.2025 / Көкшетау / Қазақстан Қарулы күштерінде қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету тәсілдерін түбегейлі жаңартуға бағытталған кең көлемді реформалар жүзеге асырылмақ. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында хабарлады.
Үкімет басшысының айтуынша, жоспарланып отырған шаралар армиядағы басқару, бақылау және персоналды қорғау тетіктерін цифрландыру арқылы жаңғыртуды, сондай-ақ әскери қызметшілердің құқықтық қауіпсіздігін арттыруды көздейді.
Бектенов бұл реформаларды жүйелі трансформация деп атап, олар әскери құрылымдардағы тәртіп пен ашықтықты күшейтуге бағытталатынын жеткізді.