Мұнай-газ сарапшысы Олжас Байділдинов теңгенің күрт әлсіреуі салдарынан Қашаған кенішінің операторы NCOC консорциумына салынған экологиялық айыппұл долларға шаққанда шамамен 1 миллиардқа қысқарғанын айтты деп жазады Ertenmedia.
Оның атап өткеніндей, былтыр наурызда NCOC-қа экологиялық заңсыздықтар үшін 2,3 трлн теңге айыппұл салынған. Ол кезде доллардың ресми бағамы 451,71 теңге еді. Осылайша, айыппұлдың жалпы сомасы доллармен есептегенде 5,9 миллиардтан асып кеткен.
Алайда түнеукүні сот осы шешімнің күшін жойды. Оған айыппұлды рәсімдеу кезінде жіберілген процессуалдық кемшіліктер себеп болған. Іс алдағы уақытта қайта қаралуы тиіс.
Сарапшы шетелдік мұнай компаниялары үшін экологиялық айыппұлдың теңгемен емес, доллармен есептелмейтініне қынжылып отыр. Ол мәжіліс депутаттарын осы жағдайға назар аударып, Қазақстан заңнамасына тиісті түзетулер енгізуге шақыруда.
Сарапшы сөз еткен мәселе Қазақстанның экологиялық заңнамасын қайта қарауға негіз болуы мүмкін. Әзірше теңгенің құнсыздануы шетелдік инвесторлардың қалтасына тиімді болып тұр.