Munarmedia.kz 10.11.2025 /Астана/- Талғар аудандық сотында Хасан Қасымбаевқа қатысты атышулы іс аяқталуға жақын. БАҚ-та оны «Хуторлықтар» тобының жетекшісі деп атап жүр. Мемлекеттік айыптаушы Қасымбаевты 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.
Істің соңғы кезеңі өтіп жатқан тұста, айыпталушының туыстары бейнеүндеу жариялап, президенттен әділ шешім мен істі жеке бақылауға алуды өтінді.
Хасан Қасымбаевтың жұбайы Зүлфия Қасымбаева, егер сот әділ шешім шығармайтын болса, сот ғимаратының алдында өзін өртейтінін мәлімдеді.