Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Мұнай бағасы күрт арзандады

20



Әлемдік нарықтағы қара алтын құн бір күнде 2%-ға қысқарып, бір баррелі 60 доллардан төмен түсті. Қазір Brent маркасы 62 долларға саудаланса, WTI құны 59 долларға бағаланған.

Бағаның бұлай құлдырауына АҚШ-тың Иранға салған кезекті санкциялары себеп. Күні кеше Ақ үй билігі Ислам Республикасына қарасты мұнай өндірісімен айналысатын жеті кәсіпорынды қара тізімге енгізді. Шектеу шараларының кезекті легін АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мәлімдеді. Оның айтуынша, Иран мұнайын сатып алған әр мемлекет санкцияға ілігеді. Оларға АҚШ-пен бірге қандайда бір кәсіп жүргізуге шектеу қойылады.

Қатаң талаптар Иранның ядролық бағдарламаға қатысты келіссөздердің кейінге шегерілуінен кейін енгізілді.