Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

АҚШ Ресейдің сауда серіктестеріне 500 пайыздық баж салығын салуы мүмкін.

21



Ақ үй билігі Мәскеуге қарсы кезекті санкциялар тізімін әзірлеп жатыр. Бұл туралы сенаторлардың бірі Линдси Грэм мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл жолғы шектеу шаралары барынша қатаңдатылған. Құжат 72 сенатордың қолдауына ие болды. Заң жобасы тек Кремльге қарсы санкциялардан тұрмайды. Таяқтың бір ұшы Ресейден мұнай, мұнай өнімдерін, табиғи газ немесе уран сатып алған елдерге де тимек. Солтүстіктегі көрші елдің сауда серіктестері еселенген баж салығын арқалайды.

Сондай-ақ, АҚШ азаматтарына Ресейдің мемлекеттік облигацияларын сатып алуға тыйым салынады. Осылайша, Трамп Путинге таңдау қоймақ. Егер Кремль басшысы бейбіт мәміледен бас тартса, тағы да санкциялар құрсауында қалмақ.