Мемлекеттің триллионын жұтқан банктерге Әбілқасымованың «үш деңгейлі тұзағы» құрылды...

53



Қаржы нарығын реттеу агенттігінің басшысы Мәдина Әбілқасымова банктердің мемлекеттен қарызға алған қаражатын қашан қайтаратынын айтты деп хабарлайды Ertenmedia.

Әбілқасымованың айтуынша, қазір төрт банктің балансында жалпы көлемі 1,3 трлн теңге мемлекеттік көмек қаражаты тұр.



Оның ішінде Alatau City Bank-те 950,2 млрд, Bank RBK-де 176,8 млрд, Еуразиялық банкте 150 млрд, ал Нұрбанкте 46,8 млрд теңге.

Банктер алдағы үш-бес жылда аталған қаражатты мерзімінен бұрын қайтаруды жоспарлап отыр. Бірақ Alatau City Bank міндеттемені ұзақ уақыт ішінде ғана орындай алады.

Бұдан былай мемлекеттің банк секторына көмегі ең соңғы шара ретінде ғана қарастырылмақ.

Мұндай кезде мемлекет тікелей , акционерлерді ауыстырып, банк басшылығын өзгертуге, дивиденд пен бонустар төлеуге тыйым салуға, тәуекелді операцияларды шектеуге құқылы болады.

Банк тұрақтанған соң оны жаңа инвесторға сату арқылы мемлекет қаражатын қайтару көзделеді...