Мемлекет басшысы Жапония Императоры Нарухитомен кездесті

38

Munarmedia.kz 18.12.2025 /Астана/ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға жасаған алғашқы ресми сапары Жапония Императоры Нарухитомен кездесуден басталды. Мемлекет басшысы көрсетілген жоғары деңгейдегі қонақжайлық үшін алғыс білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Күншығыс елі көптеген жылдар бойы қазақстандықтарды тәртібімен, еңбекқорлығымен және табандылығымен шабыттандырып келе жатқанын атап өтті. Президенттің айтуынша, Қазақстан мен Жапонияны өзара құрметке негізделген, тарихи тереңдігі бар достық қарым-қатынастар байланыстырады. Бұл байланыстар түрлі салалардағы нәтижелі ынтымақтастықпен нығайып келеді.

Өз кезегінде Император Нарухито Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл сапары Қазақстан мен Жапония арасындағы қатынастар шежіресінде маңызды белеске айналатынына сенім білдірді. Ол жоғары деңгейдегі келіссөздер екі ел арасындағы өзара іс-қимылды сапалы жаңа деңгейге шығаратынын атап өтті.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Император Нарухито екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерімен қатар халықаралық күн тәртібіндегі тақырыптар бойынша пікір алмасты.