Munarmedia.kz.14.08.2025 / Астана-Бұл жайт сот процесі барысында белгілі болды. Exclusive.kz порталының BES.media-ға сілтеме жасап хабарлауынша, Қазақстан мен Катар арасындағы «Мобайл Телеком-Сервис» (МТ-С) компаниясын сату жөніндегі инвестициялық келісімнің егжей-тегжейі сот талқылауы кезінде жария болды. Аталған оператор Altel және Tele2 брендтерімен жұмыс істейді.
Бұл компанияларды бұрыңғы министр қазіргі "Қазақтелеком" президенті Бағдат Мусиннің сатқаны белгілі.
Құжатқа сәйкес, мемлекеттік органдар МТ-С қызметіне араласа алмайды және тергеу жүргізуге құқығы жоқ, оның ішінде монополияға қарсы тексерулер де жүргізілмейді — тіпті тарифтердің заңсыз көтерілуіне күдік туған жағдайда да. Сонымен қатар, келісімде жаңа операторларға, соның ішінде 5G байланысына, үш жыл бойы лицензия беруге тыйым салу шарттары көрсетілген. Бұл бәсекелестердің нарыққа шығуын 2027 жылға дейін шегереді.
Бұған дейін Бәсекелестікті қорғау агенттігі (АЗРК) МТ-С-ты SMS-хабарландыру нарығындағы үстем жағдайын теріс пайдаланды деп жауапқа тартуға тырысқан еді. Алайда сот үкіметаралық келісім шарттарына сүйеніп, оператордың пайдасына шешім шығарды.
Еске сала кетейік, 2024 жылы «Қазақтелеком» МТ-С компаниясын Катардың Power International Holding компаниясына сатқан болатын. Бұл келісімнің шарттары нарықтағы бәсекелестікті айтарлықтай шектеуі себепті сарапшылар тарапынан сынға ұшырады.