Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Иран-израиль қақтығысы: Сарапшылар логистикалық дағдарыс пен мұнай бағасының күрт өсуі туралы ескертуде

10



Munarmedia.kz 14.06.2025 /Астана/-13 маусымға қараған түні Израиль «Күншығыс арыстаны» операциясы аясында Иранның ядролық нысандарына, әскери штабтарына және зымыран зауыттарына соққы бергенін мәлімдеді. Иерусалим Тегеранның жауап шабуылына дайындалып жатқанын хабарлады. АҚШ тарапы бұл шабуылға қатысы жоқ екенін айтты.

БАҚ мәліметінше, алғашқы соққыдан кейін Иран армиясы мен Ислам революциясы сақшылар корпусы (КСИР) басшылығы жойылды. Ирандық телеарналар КСИР қолбасшысы Хусейн Салами мен штаб бастығы генерал Голам-Али Рашидтің қаза болғанын растады. Сонымен қатар Иран Қарулы күштері Бас штабының бастығы Мұхаммад Багери, Әуе күштерінің қолбасшысы Азиз Насирзаде және өзге де жоғары шенді генералдар көз жұмған. Жетекші ядролық ғалымдар – доктор Техранчи мен доктор Ферейдун Аббаси де қаза тапқандар қатарында.

⚡️ Сарапшылар не дейді

Сарапшылар бұл жағдай тек аймақпен шектелмей, бүкіл Еуразиялық кеңістіктегі геосаяси тепе-теңдікке әсер ететінін айтуда. Ресей алаңдаушылық білдіріп, тараптарды сабыр сақтауға шақырды. Орталық Азия елдері логистикалық және энергетикалық тұрақтылыққа төнген қауіптен қорқып, сақтық танытып отыр. Әсіресе мұнай бағыттары, халықаралық тасымал тізбектері және энергетикалық тепе-теңдік осал тұс ретінде аталады.

Израильдің БҰҰ мандатынсыз, егемен елге қарсы біржақты әскери операция жүргізуі – халықаралық құқықты елемеудің айқын көрінісі және өзге елдерге қауіпті үлгі қалыптастыруы мүмкін, дейді сарапшылар. Қазіргі жағдайда бұл қадам халықаралық жүйедегі тәртіпсіздікті күшейтеді.

⚡️ Қазақстан мен аймаққа әсері

Қазақстандық саясаттанушы Андрей Чеботарев 2023 жылы-ақ ескерткендей, Иран мен Израиль арасындағы ықтимал соғыс Оңтүстік Кавказ бен Орталық Азия елдеріне жағымсыз салдар әкелуі мүмкін. Мұндай салдар қатарында — энергия ресурстары нарығындағы баға ауытқулары, логистикалық тізбектердің бұзылуы бар.

Атап айтқанда, Қазақстан – Түрікменстан – Иран темір жолы, Челябі – Болашақ – Иран бағыты бойынша жүк пойыздарын іске қосу бастамасы, Каспий теңізі арқылы Иранға бағытталған жүк тасымалдарына қауіп төнуі ықтимал.

⚡️ МАГАТЭ және ядролық мәселе

Эскалация басталар алдында Халықаралық атом энергиясы агенттігінің (МАГАТЭ) басқарушылар кеңесі Иранның ядролық бағдарламасына қатысты міндеттемелерін бұзғаны туралы резолюцияны қабылдады. Бұл құжат АҚШ, Франция, Ұлыбритания және Германияның бастамасымен ұсынылған. 19 ел қолдап, 11 ел қалыс қалды, ал Ресей, Қытай және Буркина-Фасо қарсы дауыс берді.

Иран бұл резолюцияны саясиланған деп бағалап, наразылық білдірді. Өзбекстандық сарапшылар да МАГАТЭ құжатын «себеп жасау үшін қажет болған қағаз» деп атап отыр. Танымал талдаушы Comrade_Aziz пікірінше, бұл қақтығыс Иранды ядролық қаруға ұмтылуға итермелейді: «ядролық қаруың болмаса – сен жай ғана нысанасың».

⚡️ Мұнай бағасы өсіп жатыр

Қақтығыстың алғашқы күнінде-ақ мұнай бағасы күрт көтерілді. Қазақстандық БАҚ «Brent» маркалы мұнайының бағасы 6%-дан аса өсіп, барреліне $73,56-ға жеткенін хабарлады. «West Texas Intermediate» (WTI) мұнайы да 6%-дан артық қымбаттаған. Сонымен қатар, алтын мен швейцар франкі сияқты актив-убежищелердің де құны өсті.