Гонконгтағы алапат өрт: Пекин шетелдік БАҚ-ты ескертуге шақырды

37



🟦 Munarmedia.kz 07.12.2025 / Көкшетау Гонконгтағы Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі ҚХР басқармасы бірқатар шетелдік медиаға ресми ескерту жасады. Бұл туралы Reuters ақпарат агенттігі хабарлайды.

Басылымның жазуынша, қалада Заң шығарушы кеңеске сайлау өтіп жатқанымен, тұрғындардың едәуір бөлігі дауыс беруден бас тартқан. Осыған дейін Wang Fuk Court тұрғын кешенінде шыққан жойқын өрт қоғамда үлкен резонанс тудырған. Соңғы мәліметтерге сәйкес, апат салдарынан кемінде 159 адам қаза тапқан, бірнеше адам әлі де із-түзсіз жоғалғандар қатарында.

Осы жағдайдан кейін Қытайдың ұлттық қауіпсіздік органы шетелдік журналистерді жинап, «жалған мәлімет таратпау» және биліктің өртті ауыздықтау шараларын «қаралаудан» бас тарту жөнінде ескерту жасаған. Чиновниктердің айтуынша, кейбір басылымдардың жарияланымдары «қоғамдағы бөлінуді күшейтеді».

Пекин сондай-ақ өрттің салдарына қатысты болуы мүмкін антиқытайлық толқуларды қатаң түрде тоқтататынын мәлімдеді.

Wang Fuk Court тұрғын үй кешеніндегі өрт 26 қараша күні Тай По ауданында басталған. Құтқару жұмыстары бірнеше сағатқа созылған. Бұл — Гонконгтағы соңғы онжылдықтардағы ең қайғылы өрт апаты ретінде бағалануда.