Бар ғұмырын ұлшттың мәдениет мен өнерін дамытуға жұмсап, ұл-қыздарын да қазақтың қасиетті өнерін дамытуға ранған Егеухан апамыздың 58 жасқа толған мерейтойы Астана төрінде аталып өтті. Монғолия және Қазақстан жазушылар одағының, Монғолия журналистер одағының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Егеухан Мұхамәдиқызының туған күні. Он бала тәрбиелеп өсірген «Алтын алқалы» әз ана алпыс жылдан астам шығармашылық ғұмырында оншақты жыр жинақтарының авторы атанған екен. Қазақтың айтыс өнері тарихында өзіндік өрнегімен елеулі із қалдырып, қазіргі күні «Кәп әулеті» атты айтыскерлер династиясын қалыптастырған ақын анамыздың сексен бес жас мерейтойы ауқымды аталып өтті.
Алдымен қалалық Ұлттық академиялық кітапханада Егеухан Мұқамәдиқызының «Жүрекжарды»,
жұбюайы Кәа Қыдырұлының «Күдір жог, күрең белдерде» атты кітаптарының
тұсаукесері өтті. Тұсаукесерді Қазақстан Парламент Мәжілісінің депутаты,
журналист Жанарбек Әшімжан жүргізіп, еліміздің айтулы ақындары, мемлекет және
қоғам қайраткерлері Ұлықбек Есдәулет, Өтен Ахмет, Ғалым Жайлыбай, Сұраған
Рахметұлы, Алтыншаш Жағанова т.б танымал тұлғалар қатысып жүрекжарды тілектерін
арнады. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының
лауреаты, айтыскер ақын Дәулеткерей Кәпұлының анасы Егеухан апамызға қандай тілек
айтса да жарасатын, қоғамда өз орнын тапқан ардақты ана, айтулы ақын, қолөнер
шебері, шахматшы.
Егеухан
Мұқамәдиқызы 1940 жылы 1 сәуірде Монғолияда, Баянөлгий аймағында туған. Баяннұр
орта мектебінде отыз жылдай кітапхана меңгерушісі болған. 1960 жылдан өлең
жазып, айтыстарға қатысқан. 1971 жылы Монголия қазақтарының айтыс өнерін
дамытуға қосқан үлесі үшін «Айтыс ақыны» атағын алған. Бірнеше республикалық,
халықаралық айтыстардың жүлдегері.
«Жыр
қарлығаштары» (1966), «Таң арайы» (1971), «Ақ қайың» (1971), «Қобда өзен
толқыны» (1975), «Ару арманы» (1977), «Айтыс» (1979), «Бәйге» (1980), «Оң
қанат» (1982), «Алимын цэцэрлэг» (монғол тілінде, 1989) өлең жинақтары жарық
көрген. «Қайтқан қаз», «Қосішек» атты жыр жинақтары бар.
«Даңқты Ана» І-ІІ-дәрежелі ордендерімен, Құрмет грамоталарымен, медальдармен марапатталған. Монғолия Журналистер одағының, Монғолия Жазушылар одағының мүшесі.
Егеухан апамыз өзінің «Әдебиет порталының» тілшісі, журналист, тарихшы
Асылбек Байтанұлына берген сұқбатында өзінің өнерге қадам басуы туралы «Бұл
тұрғысында айтар болсақ, мені өнер өлкесіне, өлең әлеміне жетелеп әкеліп,
алғашқы қадам бастырған, жол сілтеп баулыған адам, ол – өзімнің анам болды.
Анам Зағипа – өз заманында ауыл-аймағына белгілі айтыскер ақын болған кісі.
Арнайы сабақ алып, хат танымаса да «Шәкір-Шәкірат», «Қалқаман-Мамыр» т.б. ел
ішінде сол заманда таралып жүрген алуан түрлі қисса-дастандарды табан астында,
бірден жаттап алып, сосын өзі айна-қатесіз мақамдап, әндетіп айтып отыратын
құймақұлақ адам еді. Сол кісінің өнерге жуықтығы – ұрпақтары, біздерге көп әсер
еткен болуы керек деп есептеймін. Менің алдымдағы ағам Елеусіз де жасынан
талаптанып, елге танылған жазушы болды. Елеусіз ағам Монғолия қазақтары
арасынан тұңғыш рет көлемді роман жазған қаламгер. Әдебиетке ерте талаптанған
сол ағамның соңынан ерген мен де босқа қарап қалуды жөн көрмедім. Сөйтіп,
анамның қолдауымен он алты жасымнан бастап халықтың алдына шығып, ауыл
арасындағы кішігірім айтыстарға қатыса бастадым. Жиырма жасымнан жазба әдебиет
аулына ат басын бұрып, содан бері алпыс жыл бойына өз шамамша жазба әдебиетте
де шығармашылығымды дамытып, ақын деген атты лайықты алып жүруге тырысып келе
жатқан жайым бар.
Тағы бір анықтап
айт кетерлігі: менің шығармашыл адам болуыма, ақындық әлеміне біржола келуіме,
жалпы өмір жолыма үлкен ықпал еткен адам – Кеңес Одағындағы алуан түрлі
ойпыл-тойпыл кезінде қазіргі Шығыс Қазақстаннан Монғолия қазақтары арасына бас
сауғалап барған Шәмел Қалқаұлы деген ақын болды. Бұл Шәмел атамыз туралы менің
арнайы жазған үлкен естелігім бар. Былтыры «Жұлдыз» журналына шықты. Бұл кісі
біздің өмірімізге үлкен үлгі айтқан, өзі де маған үлкен толғау арнаған адам
болатын. Міне, жасымыздан үлкендердің, осындай ұлылардың ұлағатын тыңдап, ойға
тоқып, оқып өстік. Осылай, біртіндеп өлең шығаруға қалыптасып, жатылған соң
барып поэзия әлеміне қадам бастық қой» деген еді.
Өнерге шын берілген, өмірдің қадірін, әрбір сәттің қымбат екенін жасынан түсіңген апамыз өзінің еңбекқорлығымен елді таңқалдырады. Он баланы өмірге әкеліп, еңбек ете жүріп, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, өлең жазып, кесте тігіп, шахмат жарыстарына да қатысып тыным таппай жүрген жылдардың жемісін енді көріп отыр. Ұлын ұяға, қызын қияға қондырған Егеухан апамыз әлі де тың. Ал өзінің еңбекқорлығы туралы былай дейді «Мен жасымнан уақытпен жарысып жанталасқан жанкешті адаммын. Ойлап қарашы, біздің үлкен отбасымызда апасының оншақты баласы өсті. Бір баланы көтеріп, өмірге әкелудің өзі – қаншалықты жүк, қаншалықты үлкен парыз, оңай дүние емес қой. Енемнің оншақты баласын бағып-қағып өсіруден өзге де жұмыстар шаш етектен еді. Ғалым, журналист Қуанған Жұмаханұлы менің елу жылдығыма арнап жазған мақаласында: «Егеуханның шабыты үш салада менмұндалайды», - деп жазғаны бар еді. «Үш сала» деп отырғаны – жазба ақындық, айтыскерлік, журналистік қой. Себебі, мен журналист болып, тілшілік қызмет те атқардым. Біздің ауылда менен басқа жаза қоятын ешкім болмады ма, әлде жазуға ебім болған соң, солай болуға тиіс дедім бе, осы ауылдық меншікті тілші деген міндетті ұзақ жылдар атқарып, алып жүрдім.
Бұл жұмыстардың екі арасында, әр уақытта, алыс-жуықта жүрілетін айтыстарға қатысуым керек болады. Оған уақыт шығарып дайындаласың. Мұнан бөлек жазба ақындар сайысына, жыр мүшайраларына да қатысып жүрдім. Осылардың арасында, уақыт үшін түк те қажеті жоқ шахмат жарыстарына да ауыл-аймақтың намысын қорғап қатысуға тура келді. Әрине, бойда намыс болған соң, оған да жай барып қатыса салғым келген жоқ. Соның нәтижесінде шахматтан мемлекеттік екінші разрядты спортшы атанғаным тағы бар. Мен осылайша, табиғатымнан тынымсыз адам болдым да, ондай ұзын-сонар кино сияқтыларды тапжылмай отырып көруге уақытым мүлде жетпеді. Уақыт қазір де жетіспейді. Өйткені, жасымнан қалыптасқан дағдым: не бір нәрсені шимайлап жазып отырамын, немесе жастайымнан үйренген дағдым – қазақтың ұлттық ою-өрнегін салып, пішіп-тігіп, қолөнермен шұғылданып отырамын. Мен уақытты сонша құрметтейтін жанмын. Абайдың он бесінші қарасөзіндегі сияқты, күн сайын мен өзіме өзім: «Осы өмірде не істедім, не тындырып жатырмын? Қанша уақытым босқа өтті? Енді қайтпек керек?», - деген сияқтылардың барлығына өзімше ой жүгіртіп, есеп жасап отыратын адаммын» дейді.
Астана төрінде өткен тұсаукесерден Егеухан апамыздың балалары 85 жылдық мерейтойының салтанатты отырысын жасады. Мерейлі мерекеге ұлт қаймақтары Ұлықбектен бастап, айтыскер ақындар, Нұрлан Өнербаев, Роза Әлқожа бастаған әншілер мен мың бұралған бишілер тойдың сәнін келтіріп шырайын келтірді. Тойға жиналған қауым Егеухан апамызға жүрек жарды тілектерін айтып, ұзақ ғұмыр тілеп, апамыздың ақ батасын алып тарқасты.
Қазақ анасының үлгісі бола
білген, қазақ руханиятының тұлғасы Егеухан Мұқамәдиқызына біздің «Munarmedia» медиа-холдингі» ұжымының атынан шынайы ақ тілегіміз бен ұзақ жас, бақытты
ғұмыр, шығармашылық табыстар тілейміз.
Ізгі ниетпен, директор-редактор,
Асылбек Байжұмаұлы