ЕАЭО елдеріндегі экономикалық өсім: Қырғызстан көш бастап тұр

132


Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінде экономикалық өсімнің оң қарқыны байқалуда. Соңғы деректер бойынша барлық мүше мемлекеттер ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ) ұлғайғанын көрсетті.

Өсім қарқыны бойынша көшбасшы – Қырғызстан, оның көрсеткіші 8,4%-ды құрады. Екінші орында – Армения (6%). Одан кейін Беларусь (4,5%), Ресей (4,2%) және Қазақстан (4,1%) орналасқан.Нәтижесінде, ЕАЭО-ның жиынтық ІЖӨ-сі 4,2%-ға артты. Бұл сандарға қарай отырып, Қазақстан одақтағы өз потенциалын дұрыс пайдалан алмай отырған ел ретінде көрінеді.