БҰҰ Қазақстанды 2016 жылғы ер митингісі кезінде адам құқығын бұзды деп айыптауда

28

Munarmedia.kz 16.04.2026/Astana/ – БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитеті Қазақстанды 2016 жылғы жер митингілеріне қатысқан белсенділердің құқықтарын бұзды деп таныды.

Комитеттің шешіміне сәйкес, Макс Бокаев пен Талгат Аян ісі бойынша Қазақстан өзіне алған халықаралық міндеттемелерін орындамаған. Атап айтқанда, белсенділердің заңсыз ұсталғаны, сөз бостандығы шектелгені және бейбіт жиналу құқығы бұзылғаны көрсетілген.

Сонымен қатар Макс Бокаевты тұрғылықты жерінен шамамен 1500 шақырым қашықтыққа жіберу де құқық бұзушылық ретінде бағаланған.

БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитеті Қазақстанға құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда тиімді құқықтық қорғау тетіктерін қамтамасыз ету міндетін еске салды. Сондай-ақ ел билігі 180 күн ішінде қабылданған шаралар туралы есеп беріп, шешімді жариялауы тиіс екені атап өтілді.

Бұдан бөлек, Қазақстан белсенділерге өтемақы төлеуге міндетті. Аталған іс бойынша шағым 2018 жылы берілген болатын.

#Қазақстан #АдамҚұқықтары #БҰҰ #МаксБокаев #ТалгатАян #СөзБостандығы #Astana #Munarmedia