Munarmedia.kz 10.12.2025 /Астана/- Қайғылы оқиға медицина қызметінің сапасы мен балаларға анестезия қолдану мәселесін қайтадан қоғам назарынa шығарды.
Қайғылы жағдай елорданың жеке стоматологиялық клиникаларының бірінде болған. Дәрігерлер үш жасар қыздың тісін емдеу үшін медикаментозды ұйқы қолданған. Алайда қарапайым көрінген процедураның соңы орны толмас трагедияға ұласты.
8 желтоқсанда өткен сот отырысында анестезиолог-дәрігерден жауап алынды. Тергеу оны абайсызда пациенттің өліміне себепкер болды деп айыптап отыр. Ал айыпталушы өз кінәсін мойындамайды.
Соттағы сөзінде дәрігер операцияға дайындық кезеңін егжей-тегжейлі түсіндіріп, қыздың жағдайы процедура алдында қалыпты болғанын айтты. Оның айтуынша, клиникалық тексеру барысында баланың тыныс алуында немесе жүрек жұмысында күмән тудыратын ештеңе байқалмаған. «Қыз бала сау көрінді», – деді ол.
Анестезиолог наркозға дайындау, қолданылған препараттар, процедура барысындағы көрсеткіштер туралы да баяндап берді. Дегенмен тергеу тарапын жоғары сезімталдық, препараттардың әсері мен клиникадағы бақылау жүйесінің жеткіліктілігі сияқты сұрақтар қызықтырады.
Қазіргі таңда сот-медициналық сараптама қорытындылары, куәгерлердің айғақтары мен клиниканың ішкі хаттамалары қаралып жатыр. Қоғам үшін бұл іс – медициналық жауапкершілік пен балалар қауіпсіздігі мәселесін айқындайтын аса маңызды процесс.
Сот талқылауы жалғасуда.