Алматы облысындағы балалар үйіне қатысты жанжалдан кейін үш шенеунік қызметінен босатылды

65



Munarmedia.kz.13.07.2025 /Астана/-Алматы облысындағы «Баганашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілерін Алматыдан Қонаев қаласына мәжбүрлеп көшіру әрекетінен кейін үш лауазымды тұлға қызметінен босатылды. Бұл туралы облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Диана Онбырбаева мәлімдеді.

Ресми ақпаратқа сәйкес, қызметінен кеткендер қатарында Алматы облысы әкімінің орынбасары Болат Күренбеков, облыстық білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева және ішкі саясат басқармасының басшысы Ерік Әбітов бар. Сондай-ақ облыс әкімінің бірінші орынбасарына қатаң сөгіс жарияланды.

21 шілде күні «Баганашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілерін Алматыдан Қонаевқа мәжбүрлеп көшіру әрекеті орын алған. Бұл сәттің бейнежазбалары ашуланған балалар мен наразы қоғам өкілдерінің даусымен бірге әлеуметтік желіде тез таралып, қоғамда кең резонанс тудырды.

Осы оқиғаға байланысты Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Мемлекет басшысының тапсырмасымен көшіру шешімі жойылғанын хабарлады. Президент Әкімшілігі бұл жағдайға байланысты қызметтік тергеу жүргізетін болды. Сонымен қатар «Баганашыл» балалар үйінің аумағы Алматы қаласының балансына берілетіні белгілі болды.