Парламент мүшесі теміржолдардың тозу деңгейінің сын көтермейтінін және құрылыс мерзімдерінің бұзылғанын айтты. Депутат Сергей Пономарёв Көлік министрлігін қаржыландыруда ашық болуға шақырды.
Парламент отырысында депутат жол инфрақұрылымының жағдайын сынға алды. Оның айтуынша, локомотивтердің тозу деңгейі 61%-ды құрайды, ал теміржол инфрақұрылымы мүшкіл халде.
Сонымен қатар, Пономарёв Қазақстанның авиация саласындағы бәсекеге қабілеттілігін жоғалтқанын атап өтті. Оның сөзінше, халықаралық тасымалдаушылардың (мысалы, Lufthansa мен KLM) көпшілігі елден шығып кеткен, ал олардың орнын қазақстандық монополистер басқан.
«Бізде ең кешігіп, кешірім сұрамайтын әуе компаниялары және әлемдегі ең қымбат лоукостер бар», — деді Пономарёв.
Депутат жол құрылысына да тоқталды. Оның айтуынша, соңғы 10 жылда тек бір ірі магистраль — БАКАД — уақытында және сметадан асып кетпей пайдалануға берілген. Бірақ бұл жолды шетелдік мердігерлер салған. Ал «ҚазАвтоЖол» басшылығымен жұмыс істейтін отандық компаниялар жобалардың құнын шамадан тыс көтеріп, мерзімдерді үнемі кешіктіреді.
«Шілде айында Қазақстанның Даму банкі „ҚазАвтоЖолға“ 450 миллиард теңге бөлді. Бұл қаражаттың қайтарылу шарттары мен мерзімдері белгісіз. Жалпы, компанияның қарыз жүктемесі қандай? Қалай есеп айырыспақсыздар?» — деп депутат салалық министрлікке сауал қойды.
Көлік министрі Марат Қарабаев бөлінген қаражат орташа жөндеу жұмыстарына бағытталғанын және оның капитальды жөндеуге қарағанда он есе арзан екенін мәлімдеді.
Қарабаев сондай-ақ шетелдік қатысу мәселесіне тоқталды.