Munarmedia.kz.21.07.2025 жыл /Астана/-Уральск қаласының жаңа бас жоспары бойынша өткен қоғамдық тыңдауларда күтпеген жанжал туындады. Қала тұрғыны Данил Макатуха жобалық құжаттамалардан Уральскке мүлде қатысы жоқ, басқа өңірлерге тән мәліметтерді анықтады. Атап айтқанда, түсіндірме жазбаларда Қарағанды мен Семей қалаларына қатысты сипаттамалар орын алған.
Бұл туралы Exclusive.kz «Уральская неделя» басылымына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Макатуханың айтуынша, жоба мәтінінің айтарлықтай бөлігі Уральскінің урбанистикалық болашағына емес, Қарағанды мен Семей қалаларының ерекшеліктеріне арналған. Ол әсіресе шахталар, су қорғау аймақтары және Қарағандыдағы жылу электр орталықтарының шлам жинақтағыштары туралы бөлімдерге назар аударған.
Қоғамдық тыңдау кезінде тұрғын ескертулерін айтып жатқанда, жоба авторы – «Градо» жобалау фирмасының директоры Аркинжан Маметов куәгерлердің айтуынша, орнында үнсіз отырып, бетін қолымен жауып алған.
Ал жобаның бас архитекторы Михаил Щербинин олқылықтардың бар екенін мойындап, келесідей түсініктеме берді:
«Бұл – механикалық қате. Біз бұған дейін Қарағандымен жұмыс істегенбіз...».
Ресми деректерге сәйкес, Уральск қаласының жаңа бас жоспарын әзірлеу үшін «Градо» жобалау фирмасына 250 миллион теңге бөлінген.
Бұл жағдай қоғамның қызу талқысына түсті. Жергілікті белсенділер мен сарапшылар мемлекеттік қаржының жұмсалу тиімділігіне күмән келтіріп, жобалаушы ұйымдар мен қала әкімдігіне жауапкершілік жүктеу қажеттігін алға тартуда. Бюджет қаржысына жасалған құжаттың өзге қалалардан көшірілген бөліктерге толы болуы – Қазақстанда жобалық-сметалық құжаттама сапасына қатысты жүйелі мәселелерді айқын көрсетіп отыр.