Munarmedia.kz 01.12.2025 / Астана / Құжат барлық түрдегі қалдықтарға қатысты заңнаманы біріздендіруді, өңделмеген және рекультивациядан өтпеген қалдықтар үшін меншіктенушілердің жауапкершілігін күшейтуді көздейді. Сонымен қатар өндірістік, коммуналдық, құрылыс, ауыл шаруашылық және медицина саласынан шығатын қалдықтармен жұмыс істеу тетіктерін жетілдіру жоспарланған.
Саланы ынталандыру мақсатында заманауи полигондар салуды утилизациялық төлемдер есебінен қаржыландыру, тарифтерді қайта қарау, салықтық жеңілдіктер беру, сондай-ақ өндірушілердің кеңейтілген жауапкершілігі жүйесін дамыту ұсынылады.
Тұжырымдама экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, азаматтар мен бизнес өкілдерінің жауапкершілігін арттыруға ерекше назар аударады.
Нысаналы көрсеткіштер қатарында — радиоактивті қалдықтарды қоспағанда, барлық қалдық түрлерін толық түгендеу, өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу көлемін өсіру және коммуналдық қалдықтарды көму үлесін кемінде 10%-ға қысқарту бар.