Бұл туралы сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев айтты.
Ол үкімет отырысында уақыт белдеуіне қатысты зерттеу нәтижелерін жариялады.
Зерттеу уақыт белдеуінің ауысуы халықтың негізгі өмір сүру көрсеткішіне теріс әсер етпегенін көрсеткен.
«Нақты деректерге негізделген нәтижелер уақыт белдеуінің өзгеруі халық өмірінің негізгі көрсеткіштеріне теріс әсері болмағанын айқындайды», — деді сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев.