Шымкентте жаңа университет ашылады

115



Мемлекет басшысы жұртшылықтың Шымкент қаласында Мәдениет және өнер университетін ашу жөніндегі ұсынысын қолдады.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға тиісті тапсырма берді", - делінген Ақорда хабарламасында.