Шымкентте 18 колледж директоры мен білім басқармасының басшысы жауапқа тартылды

155



Шымкент қаласы прокуратурасының тексерісі нәтижесінде мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру кезінде білім басқармасының қызметінде заңбұзушылықтар анықталды.


Негізгі заңбұзушылықтар:

* Гранттарды бөлуде негізсіз өзгерістер енгізу.

* Лицензиясы жоқ мамандықтар бойынша гранттар тағайындау.


Тексеру қорытындысы бойынша:

* 18 колледж директоры мен білім басқармасының басшысын қоса алғанда, 20 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

* Прокуратура бұл бағыттағы жұмыстардың жалғасатынын атап өтті.