Munarmedia.kz – Астана. 22.04.2025 жыл. Әлеуметтік желілерде дәрігерлер тарапынан тараған ақпараттарға сәйкес, кеше кешкісін жараланған Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақтандыруға қол жеткізген. Ота төрт сағаттан аса уақытқа созылған. Қазіргі таңда науқастың өміріне тікелей қауіп жоқ.
Ота барысында нақты диагноз анықталған: оң жақ кеуде тұсына енген бытыралы оқ жарақаты, оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің, қабырғааралық артериялар мен көкеттің (диафрагма) бірнеше жерінен зақымдалуы, оң жақ гемопневмоторакс. Сонымен қатар, іш қуысына енген бірнеше жарақат – бауырдың зақымдануы, ішкі қан кету, оң жақ бүйрек, иық пен қолдың жаралануы және сыртқы қан кету тіркелген. Пациент плевропульмоналды және геморрагиялық шок алған.
Руслан Берденовтың жағдайы қазіргі таңда тұрақты ауыр деп бағаланып отыр. Ол дәрігерлердің тұрақты бақылауында және қажетті медициналық көмектің барлығын алуда.