Суданда тырысқақ індетінен зардап шеккендер саны 56 адамға жетті.

118


 

Судан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Кеселе және Гедареф провинцияларында тырысқақ инфекциясының тағы 128 жағдайы анықталған.

Шығыс Африка елінде анықталған қауіпті инфекция жұқтырғандардың жалпы саны 1351-ге жетті, деп хабарлайды ведомство.

 Сонымен бірге елдің 18 провинциясының 10-ында болған нөсер жаңбыр мен су тасқынынан 156 995 судандық зардап шекті. Су тасқыны салдарынан 16 188 үй толықтай, 14 099 үй жартылай қираған.