Шаңырақ" қоғамдық бірлестігінің басшысы Алмасбек Садырбай ұсталды

170



Ол өзі басқаратын адамдар тобы Балқаш, Еңбекшіқазақ, Кеген, Райымбек және Ұйғыр аудандарында жалған ауыл шаруашылығы кооперативтерін құрды деген күдікке ілінді.

Сондай-ақ жалған кадастрлық нөмірлерді көрсете отырып, дәйексіз мәліметтерді қамтитын субсидиялар алуға өтінімдер қашықтан берілген.

Ал ауыл шаруашылығы кооперативтері басшыларын хабардар етпей, олардың ЭЦҚ-сы пайдаланылған.

Садырбайдың аса ірі мөлшерде алаяқтық әрекеті әшкереленді. 1,2 млрд теңгеден астам қаражат ұрланған. Оның сыбайласы тергеу сотының санкциясымен үй қамауында.

https://t.me/halyquni