Қырғызстанда IV Халықтық құрылтай өз жұмысын бастады.

19

Munarmedia.kz 27.12.2025 /Астана/Құрылтай жұмысына 700 делегат қатысуда. Күн тәртібінде III Халықтық құрылтайдың қорытындылары мен бірқатар өзекті мәселелерді талқылау жоспарланған.

Құрылтайда сөз сөйлеген Қырғыз Республикасының Министрлер кабинеті төрағасы Адылбек Қасымалиев соңғы бес жыл ішінде ел 2020 жылғы дағдарыс кезеңінің ауыр салдарын еңсеріп, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз еткенін және орнықты әлеуметтік-экономикалық өсім траекториясына шыққанын атап өтті.

Өз баяндамасы барысында А. Қасымалиев онлайн режимде 94 нысанды іске қосты, оның ішінде 27 өндірістік және 67 әлеуметтік объект бар. Премьер-министр бұл нысандарды пайдалануға беру 2025 жылы ел аумағында 291 әлеуметтік нысан мен 119 өндірістік кәсіпорынды іске қосуды көздейтін ауқымды ұлттық жоспардың бір бөлігі екенін мәлімдеді.