Қырғызстан мен тағы 35 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салынуы мүмкін

49



Munarmedia.kz.16.06.2025 /Астана/-АҚШ Мемлекеттік департаменті елдің дипломатиялық өкілдіктеріне Вашингтонның талаптарын орындауы тиіс 36 елдің тізімін жолдады. Егер бұл елдер алдағы 60 күн ішінде көрсетілген шарттарды орындамаса, олардың азаматтарына АҚШ-қа кіруге шектеу қойылады. Бұл туралы The Washington Post басылымы Мемхатшы Марко Рубио қол қойған қызметтік жазбаға сілтеме жасай отырып хабарлады.

Тізімге Қырғызстан, 25 африкалық мемлекет (соның ішінде Египет пен Джибути), Кариб теңізі аймағындағы елдер мен Тынық мұхитындағы арал мемлекеттері кірген.

Құжатта АҚШ әкімшілігі аталған елдердің бірқатар талаптарға сәйкес келмейтінін атап өткен. Солардың ішінде:

  • құжат айналымындағы кемшіліктер;

  • кең таралған мемлекеттік алаяқтық;

  • бұл елдерден шыққан көптеген заңсыз мигранттардың АҚШ-та болуы;

  • Америкада жүрген кейбір азаматтардың антисемиттік немесе антиамерикандық әрекеттері.

Бұған дейін, 4 маусым күні, АҚШ президенті Дональд Трамп Ауғанстан, Чад, Конго, Экваториалды Гвинея, Гаити, Сомали және Иран азаматтарының елге кіруіне толық тыйым салатын жарлыққа қол қойған болатын. Сонымен қатар Куба, Венесуэла және Түрікменстан азаматтарына да кіру шектеулері енгізілген.